Балабақша туралы мәлімет » «Жауқазын» бөбекжай-бақшасы»
«Түркістан облысының білім басқармасының
Шардара ауданының білім бөлімінің
«Жауқазын» бөбекжай-бақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі:
+7(778) 186-57-31
"Әдіскер:
+7(778) 186-57-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балабақша туралы мәлімет
23
мамыр
2026

Балабақша туралы мәлімет

Балабақша ғимараты екі қабатты. 

Балабақша қуаттылығы 335,5  балабақша 2017 жылы ашылып ,қазіргі таңда  3 топ, 66 тәрбиеленуші тәрбиеленуде. Балабақша 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 08.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. 
Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын, жатын бөлмелері,  асхана, спорт зал, медицина бөлмесі мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі 2 пеш арқылы газбен жылытылады. Су, электр, жұйесі орталықтандырылған. 
Балабақшада өрт, дабыл қондырғылары және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал - сайман жабдықтармен жабдықталған. 
Балабақша  ауласы көгалдандырылған, шырша, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы көлеңкелі қоршау, балаларға арналған алаңшалар(беседка) орындығымен, гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты– мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады. Өз қызметінде Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР «Білім туралы» заңына, ҚР Кодекстеріне, ҚР Заңдарына, Үкімет қаулыларына, Құрылтайшының шешімдеріне және басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сүйеніп отырады.
Кәсіпорынның міндеттері:Мектепке дейінгі жастағы
балалардың дене және психологиялық денсаулықтарын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу.  Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамыту,  бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту. Балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасау; Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен балабақша арасында тығыз қарым-қатынасты нығайту.
Мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелейтін отбасыларына әдістемелік, диагностикалық және консультативтік көмекті ұйымдастырылуын жүзеге асыру.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив